Елімізде теңіз инфрақұрылымын дамыту керек – Мемлекет басшысы
Елімізде теңіз инфрақұрылымын дамыту керек. Біз үшін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізі де өте маңызды. Сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады, деді Президент.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Мемлекет басшысы Жолдауда өңірлердің экономикалық ахуалына баса мән берді. Маңғыстау облыссына қатысты мәселен, Құрық портын Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыру қажет деп тапсырды. Ол үшін теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған біртұтас жоспар керек. Сөйтіп Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс, деді Мемлекет басшысы. Президент сондай-ақ, Көлік министрлігін қайта құруды тапсырды. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен айналыспақ. Қазір менің жанымда жол саласының маманы Әсет Есенов тұр.
Әсет Есенов, жол құрылысының маманы:
Президент өзінің Жолдауында әрдайым елді ілгері дамытудың жолдарын, бағыт-бағдарын айқындап береді. Осы жолы да сол жұмыстар жалғасып, заман талабына сай жаңа бағдарламалар болары сөзсіз. Өзімнің салама келер болсам, автомобиль жолдары ел экономикасының күре тамыры деуге болады. Яғни жолдардың жағдайына қарап сол облыстың даму қарқынын бағалауға болады. Мысалға алсақ, Маңғыстау облысында республикалық маңыздағы жолдардың жағдайы көп өңірден жақсы. 95 пайызы жақсы жағдайда. Ендігі жоспар осы көрсеткішті 100 пайызға жеткізу.
Иә биылдың өзінде аймақта 160 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр. Әсіресе, облыстық және аудан аралық жолдардың сапасы жақсармақ. Жалпы бұған дейінгі жолдауда Маңғыстау өңіріне қатысты біқатар тапсырмалар жүктелген болатын. Солардың бірі-өңірді ауыз сумен қамту мәселесі. Бүгінде осы бағытта ? жоба бар. Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларды субсидиямен қолдау шарасы да жалғасуда. Биыл жем-шөпке берілетін демеу қаржы 2 есе өсіп, шаруаларға 818 млн теңге бөлінді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 110 мыңға жуық адам қатысқан
29.10.2025, 13:27
Түркияда қазақ мәдениетін насихаттаушы ұйымдар көбейген
29.10.2025, 13:23
Ресейде санкция кесірінен газ өндіру кеміді
29.10.2025, 13:20
Ямайкада жарты миллион адам жарықсыз отыр
29.10.2025, 13:17
Вьетнамда үздіксіз жауған нөсерден 9 адам қаза тапты
29.10.2025, 13:14
Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп ақша алған күдікті ұсталды
29.10.2025, 13:12
Жыл басынан бері 40 мыңдай адам инсульт алған
29.10.2025, 13:09
Жол апатына түскен адам Астанаға жеткізілді
29.10.2025, 13:06