Ақтөбелік белсенділер мұнай компанияларының ерекше қорғалатын аумақта барлау жүргізуіне қарсы
Ерекше қорғауға алынған Ақтолағай үстірті жойылып кетуі мүмкін. Ақтөбелік белсенділер Байғанин ауданындағы табиғаты көркем жерге мұнай компанияларының барлау жүргізуіне қарсы.
Олардың айтуынша, егер бұл аумақта бұрғылау жұмыстары жүргізілсе, табиғи қорыққа үлкен зиян келеді. Белгілісі, компания өкілдері Миялы ауылына барып, халықпен кездескен. Он адамды жұмысқа алатын болған, мектепті жөндеуге көмектесеміз деп уәде берген. Дегенмен Экология департаментінің өкілдері алдымен ерекше қорғалатын аумақтың шекарасы белгіленуі керек дейді. Оған дейін барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат жоқ.
Әмірхан Тарғынов, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
Ұсыныс жасаймыз. Егер олар қосымша құжатты бермесе, біздер оларға жұмыс жасауға тыйым саламыз. Ақтолағайдың шекарасы толыққанды анықталып, олар сол шекарадан шығып әрекеттенсе, олар жұмыс жасауға құқылы.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09