Президент Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

31.08.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

«Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу