Алматыда Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Алматыда Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрмесі өтіп жатыр. Республика сарайының алдына 25 шатыр тігіліп, қолөнер шеберлерінің жұмысы мен ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Барлығы 200 тоннадан астам өнім әкелінген. Жәрмеңке Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған.
Сухроп Саидов, қолөнер шебері:
Біз бауырлас елміз. Осындай шаралар екі ел арасын жақындата түсеріне кәміл сенемін. Керамикамен айналысып жүргеніме 15 жылдан асты. Алып келген өнімдерімнің жартысынан көбі сатылып кетті.
Нигина Кенжаева, қолөнер шебері:
Менің тігін өнеркәсібімен айналысып жүргеніме 8 жыл болды. Қарапайым тақиядан бастап күртешенің түр-түрін тігеміз. Қазақстанға шақырту алғанда қуанып кеттім. Бауырлас елге алғаш келуім. Көңіл-күйіміз керемет.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15