Ақтауда 29 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 29 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр

28.08.2023

Ақтаулық инвесторлар арнайы экономикалық аймақтың қолдану мерзімін ұзартуды сұрайды.

Себебі онда құрылысы енді ғана басталған жобалар бар. Ал аталған аймақ 5 жылда тоқтап қалмақ. Айта кетейін, облыста Ұлттық пулға енгізілген 29 инвестициялық жоба болса, соның 8-і арнайы экономикалық аймақта жүзеге асып жатыр. Аймақ прокурорымен кездесуде инвесторлар одан бөлек, газ бен су мәселесін көтерді. Сондай-ақ жер асты суын игеруге субсидия беруді және отандық өнім өндірушілерге сауда орындарында 10 пайыз жеңілдік жасауды сұрады. Мемлекет басшысы маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, құқықтық көмек көрсетуді прокуратура органдарына тапсырған болатын. Соған сәйкес, өңірде «фронт кеңсе» құрылып, 10-нан астам инвесторға құқықтық көмек көрсетілген.

Мерген Меңдіғалиев, Маңғыстау облыстық прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:

СЭЗ-дің қолданылу мерзімі қазір 2028-ге дейін. Соны ұзарту мәселесін көбі сұрады. Ол мәселе бойынша тиісті орталыққа өзіміздің ұсынысымызды жолдадық. Әрбір проблема бойынша кейс жасақталды. Кейстарды шешу әкімдікпен бірлесе, біздер соларды түпкілікті шешілуін қамтамасыз етеміз.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу