Арыс қаласының шаруалары кепілдік мүлкін ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласының шаруалары кепілдік мүлкін ала алмай жүр

25.08.2023

Түркістан облысы Арыс қаласының шаруалары алған несиесін әлдеқашан өтегенімен кепілге қойған мүлкін әлі даулап жүр. Олар 2016 жылы Аграрлық несие корпорациясынан ауылшаруашылығын дамыту үшін қаржы алған. Оны «Арыс несие» серіктестігі үлестірген. 40-қа жуық азамат қаржы ұйымының алдындағы борышынан құтылған. Бірақ қарызын өтеуге асықпаған өзге шаруалар үшін біздің мүлкімізді босатпай отыр дейді.

Оралбек Баймұрзаев, Арыс қаласының тұрғыны:

Барлық құжаттарды қолыма берді. Қарыз емес деп арестен шығаруға сенімхат берді. ЦОН-ға барсам болмай дейді. Неге десем «Қазагро» шығарады дейді. Түсінбеймін, біздің үйді ол жаққа да тігіп қойған ба?

Гүлжауһар Сайранбаева, Арыс қаласының тұрғыны:

2-3 мәрте келдік. Қолдарыңнан не келеді істей беріңдер дейді. Талайы келді, алып жатқан жоқ. Соттассаң да ала алмайсың деді.

Арыс несие серіктестігінің аграралық несие корпорациясы алдында 300 миллион теңгедей берешегі бар. Бұл осыдан 7-8 жыл бұрын алынған қаржы. Серіктестік өз міндеттемелерін орындамаған, әрі несиені толық қайтармаған. «Сол үшін кепілдік мүлік иелеріне қайтарылмай отыр», - дейді қаржы ұйымының өкілі.

Мархабат Иса, «Арыс несие» серіктестігінің бас есепшісі:

Құжат бізде емес. Құжат корпорацияда. Қарыз болып тұр. Бұл кісілер құйғанымен басқа заемшиктер құйып жатқан жоқ ақшаны.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу