Меркі әкімдігі мемлекет мүлкін заңсыз сатқан
Ал Жамбылда 6 жыл бойы мемлекет меншігіне алынбай келген «Сүт» фермасы ақыры әкімдікке қайтарылды.
Меркі ауданының шенділері құны 100 млн теңге болатын зауытты 7 млн теңгеге сатып жіберген. Аумағы 18 гектар нысан осыдан 8 жыл бұрын жеке серіктестіктің кәсіпорны болған. Бірақ оның басшысы экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін мемлекетке 52 млн теңге берешек болып қалады. Сөйтіп кәсіпкер айыппұлдың ақшасын сүт зауытын берумен өтейді. Нысан әкімдік балансына беріледі. Ал ондағылар мемлекет мүлкін 13 есе арзанға сата салған.
Алмас Борантаев, Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры:
Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі 2017 жылғы 5 қазанда бағаны төмендету тәсілін қолданып, 7 263 000 теңгеге «М» есімді азаматқа заңсыз сатып жіберген. 2023 жылғы 3 мамырдағы заңды күшіне еңген сот шешімімен талап қанағаттандырылды, мүлік мемлекетке қайтарылды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17