Елордада Тәжікстанның Қазақстандағы мәдени күндері басталды
Елордада Тәжікстанның Қазақстандағы мәдени күндері басталды. Осыған орай, философ, дәрігер, батыс елдеріне Авиценна атымен танымал Әбу Әли Ибн Синаға мүсін орнатылды. Ескерткішті Тәжікстанның мәдениет министрі Зульфия Давлатзода мен Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ашты. Тәжік шеберлерінің қолынан шыққан ескерткіштің биіктігі - 3 метрден астам. Мәдени апталық басқа қалаларда да өткізіледі. Бұл екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді дейді жиынға қатысушылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18