Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды
Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды. Екі елдің ғалымдары бас қосқан шарада сауда-экономикалық ынтымақтастық, уран өнеркәсібі қалдықтарын өңдеу сынды өзекті тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық нормаларын әзірлеу және биологиялық қауіпсіздік туралы сөз болды. Трансшекаралық су проблемасы да назардан тыс қалмады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:
Судың мәселесін шешу үшін энергетика мәселесін шешуіміз керек. Яғни, келісімшарт, келіссөздер бірге жүруі керек. Ғалымдар болып, академия болып, қосымша Өзбекстанды да шақырамыз. Қырғызстан академиясын шақырамыз. Сөйтіп ғылыми негіздеме жасауымыз керек.
Гулчехра Кохирова, Тәжікстан ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:
Мұндай басқосу бауырлас екі елдің алға қарай дамуына, ғалымдардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Біз ең өзекті деген мәселелерге бірге талдау, зерттеу жүргіземіз. Олардың ішінде климаттың өзгеруіне және жаһандық жылынуға байланысты туындаған аймақтық проблемалар бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09