Суға түскенде нені ескеру керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суға түскенде нені ескеру керек?

22.08.2023

Суға шомылу маусымы әлі аяқталған жоқ. Сол себепті де қауіпсіздік ережелерін ұмытпай, қатаң сақтаған жөн. «Қайғылы оқиғалардың дені қарапайым сақтық шараларды ескермегендіктен болады», -дейді құтқарушылар. Ең негізгі ержелерді тағы бір еске түсірсек.

Судың да талабы бар. Адам суда жалдаумен қатар қауіпсіздік ережелерін де білуі керек. Ең әуелі судың тазалығын, тереңдігін анықтап алған абзал. Ең дұрысы рұқсат етілген жерде ғана шомылу.

Азамат Бердіқұлов, қалалық-жедел құтқару жасағының бас құтқарушы:

Рұқсат етілген жер ол өзінің құтқарушылары бар, арнайы белгілері бар. Буйлар мен құтқарушылар және құтқаруға арналған құрал-жабдықтар болады. Солардың көмегімен кішкене қауіпсіз аймақ болып саналады.

Рұқсат етілмеген жерде қауіп еселене түседі. Бірақ қай жерде болмасын балаларды назардан тыс қалдырмау қажет. Сондай-ақ ересектер де бір-бірін көзден таса қылмаса игі. Күн ұзаққа шомылуға да болмайды. Адам шаршап қалса, тоңып қалтыраса да қауіпті. Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпай, техникалык ескерту белгілерінің, басқа да зат-құралдардың үстіне шығу да аса қауіпті.Тағы бір маңыздысы өзенге суға түсуге барғанда алкоголді ішімдіктен аулақ болу.

Исламбек Амангелдинов, қалалық жедел-құтқару жасағының басшысы:

Сүңгуірлік жұмыстар жасаған кезде, адамдарды шығарғанда көбінесе суға кететіндер осы алкоголді ішімдікті ішкен адамдар. Және де қараусыз қалған балалар. Көбінесе ерекектер ішіп, балаларға қарамай қояды. Сонда балалар терең жаққа кіріп, батып кеткен жағдайлар да болған.

Суға шомылу маусымы қыркүйек айына дейін жалғасады. Дегенмен құтқарушылар мұз қатқанша барлау, қадағалау жұмыстарын үзбей жүргізе бермек. Өйткені суға шомылу маусымы аяқталса да, оны ескере бермейтіндер көп.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу