Жамбыл облысында құрғақшылықтан 400-ге тарта шаруа шығынға батты
Жамбыл облысында құрғақшылық қысқан алты ауданда Төтенше жағдай жарияланды. Тіршілік нәрінен тарыққан диқандарға өтемақы егістіктен түсетін пайдаға емес, егілген дән шығынына қарай төленбек. Жалпы шығын көлемі қандай? Жамбылдағы тілші Данияр Әлімқұл тарқатады.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Ақыры аймақ атқамінерлері шырылдаған шаруалардың сұраған суын тауып бермесе де, төтенше жағдай туралы талабын жоғарыға жеткізді. Үкімет басшысының өкімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Тізімде Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл, Талас және Тұрар Рысқұлов ауданы бар. Астанадан тікелей тапсырма түспей жатып-ақ жамбылдық шенділер шаруаларға өтемақы төлеуге дайынбыз деген. Енді бұл процесс заң жүзінде іске асады.
Қанатбек Мәдібек, облыс әкімінің орынбасары:
Санақ бойынша әзірге 9,5 мың га көлемінде жер есебі алынып тұр. Бұл жұмыс ары қарай жалғасады. Біз 15-қыркүйекке дейін осы жұмысты жасасақ деп отырмыз. Бұл шамамен бүгінге күнге 3,8 млрд теңге көлеміндегі қаржы болады деген болжам бар. Бірақ енді ары қарай жалғасатын болса, бұл 7 млрд теңгеге дейін барып қалады.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Қазір аймақта шығынға батқан 400-ге тарта шаруа бар. Бұл сандар да өсуі мүмкін. Әзірге егіс басында есептеу жүріп жатыр. Бір қызығы енді есеп-қисап жұмыстарына диқандардың көршілері де куәгерлік етеді. Еккен дүниесін, сепкен дәнін көрдім деп ауылдастар арнайы актіге қол қоймақ. Ал шаруалар шығыннан бұрын су сұрайды.
Әзия Кісембаева, диқан:
120 га көкөнісіміз бар. Ол осы аптаның ішінде су бермесе, қурайды. Жағдайымыз өте қиын.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Көмек қаржы егістіктен түсетін пайдаға емес, дән себу мен жер жырту жұмыстарына ғана төленеді. Әкімдік әрбір шаруаның егілген дақылдарының техникалық картасын жасамақ. Сол арқылы ғылыми-зерттеу институттары әр гектардың шығынын есептейді. Сондықтан санақ жұмысы созылатындықтан төлем жұмыстары қашаннан басталатыны белгісіз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Блогерлер өткізетін ұтыс ойындарын мемлекет бақылай ала ма?
27.10.2025, 20:32
Түркияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
27.10.2025, 17:56
Әлем чемпионаты Таеквондодан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті
27.10.2025, 17:00
Еуропарламент депутаттары Республика күнімен құттықтайды
27.10.2025, 16:56
Брюссельдегі «Manneken pis» мүсініне қазақтың шапаны кигізілді
27.10.2025, 16:55
Астанада ақын Қадыр Мырза Әлінің мұрасы насихатталды
27.10.2025, 16:54
Қонаев қаласында 550 дрон мемлекеттік рәміздерді бейнеледі
27.10.2025, 16:53
Шымкент қаласының тұрғындары Республика күнін тойлады
27.10.2025, 16:52