Семейде мәдени ошақтарға келушілер саны еселеп артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде мәдени ошақтарға келушілер саны еселеп артты

21.08.2023

Семейде жылдан-жылға көпшілік демалып, бос уақытын өткізетін орындар көбейіп келеді. Бұқаралық спортпен шұғылданатын алаңдар да салынып жатыр. Биыл қаладағы 600 ауланың тозығы жеткендерін түгелдей жаңалау жоспарланған. Ол үшін 2 миллиардтан астам қаржы бөлінген. Өткен жылы аспалы көпір астындағы бос жатқан жер жөнделіп, халық игілігіне берілді.

Спорт алаңдары бар. Көпшілік серуендеп тынығатын мұндай орын биыл сол жағалауда да ашылды. Дәл қазір қалада қараусыз қалған бірнеше саябақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Рухани орталық саналатын шаһарға облыс орталығы атанғалы туристердің келуі де жиілеген. Соңғы бір жылда қаладағы мәдени ошақтарды 57 мыңнан астам адам тамашалаған. Мамандар алда ұлылар мекеніне ат басын бұратындар еселеп көбейеді деп болжайды.

Жаңадан құрылған облысты кешенді түрде дамыту үшін 1,9 триллион теңге қарастырылған. Уақыт озған сайын көпшіліктің де, саяхатшының да мәдениеті арта түскен. Семейліктер мұндай оң өзгерістерге дән риза.

Туризмнен түскен пайда 26 миллиардқа жеткен

Көршілес Шығыс Қазақстан облысында да соңғы үш жылда туристер саны айтарлықтай артқан. 2020 жылы - 233 мың, 2021 жылы - 290 мыңға жетсе, 2022 жылы - 342 мың турист келген. Нәтижесінде, соңғы екі жылда туристік саладан түскен пайда 26 миллиард теңгеге жеткен.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу