Солүстік Қазақстан облысының халқын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған «СевКазЭнерго» компаниясы 368 млн теңге айыппұл арқалады.
Коммуналдық мекемеге бас прокуратураның тапсырмасы бойынша тексеріс жүргізілген болатын. Кәсіпорында метрологиялық талаптар, өнеркәсіп қауіпсіздігі, экология, азаматтық қорғаныс, еңбек, электроэнергетика және салық заңнамалары бойынша бірқатар олқылықтар анықталды. Атап айтар болсақ, «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамы метрологиялық тексерістер өтпеген өлшеу құралдарын пайдаланған, бекітілген инвестициялық бағдарлама орындалмаған, қалдықтарды лақтыру бойынша эмиссия нормативтері артық болған, өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған. Бюджетке міндетті төлемдердің сомасын азайту деректері де белгілі болды. Тексеріс қорытындысына сай компания әкімшілігі жауапкершілікке тартылды. Монополист 368 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Эльмира Кәленова