Ақтауда электр қуатын берудегі шектеулер алынды
Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнындағы №3 энергоблок та іске қосылды. Сондықтан мұнай-газ кен орындары мен өндірістік мекемелерге электр қуатын берудегі шектеулер алынды. 3-энергоблокта генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделген. Сондай-ақ, щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Энергоблок сенбі күні жұмыс істей бастады.
Айта кетейік, комбинатта екі бірдей энергоблок істен шығып, электр қуатын өндіру көлемі азайып кеткен болатын. Сондықтан соңғы 1 аптада аймақта электр энергиясы шектеумен берілді. Ал 1-энергоблок өткен жұмада іске қосылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 10:26
Қазақстан армиясы цифрлық жүйеге көшіп жатыр
08.05.2026, 10:15
Оралда әскери-патриоттық шара өтті
08.05.2026, 10:14
Астанада Отан қорғаушы күніне арналған плац-концерт өтті
08.05.2026, 10:13
ДДСҰ: Хантавирус пандемияға негіз бола алмайды
08.05.2026, 10:12
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне оқ атты
08.05.2026, 10:10
Қытайдың бұрынғы екі қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді
08.05.2026, 10:09
Үкіметтің бірлескен отырысында үш құжат қаралады
08.05.2026, 10:05