Елордада ерекше операция жасалды
Түркиялық уролог-дәрігерлер елордада несеп-жыныс жүйесінің дертіне шалдыққан балаларға операция жасап жатыр. Шетелдік білікті мамандар сондай-ақ 3 күн бойы қазақстандық дәрігерлерге шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр. Айта кетейік, эндоскопиялық гельдің көмегімен жүзеге асатын ерекше операция қалалық балалар ауруханасында алғаш рет өткізіліп отыр. Өкінішке қарай, еліміздегі жас жеткіншектер арасында қуық-несеп жолдарының сырқаты жиілеген. «Оның алдын алу үшін жыл сайын мыңдаған күрделі операция жасалады», - дейді мамандар
Гүлнәр Құлышева, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры:
Ертең 8 сағаттық операция болады. Себебі 13 жасар баламызда қуық дамымаған. Сол қызметін әрі қарай жалғастыру үшін ол балаға ішектен қуық жасайды деп айтуға болады. Сондықтан күрделі ота жасауға келіп отыр. Тек қана түрік елімен жұмыс істемейміз. Былтырдан бастап екі жыл көлемінде 17 мастер класс өтсе, биыл 8-і жоспарланып отыр.
Әйгерім Сүлейменова, ата-ана:
Бізге басқа ауруханаға барып, кезекпен күтесіз деді. Бірақ осы ауруханаға түрік мамандары келіп, жолымыз болды. Бүгін бізге ота жасады. Сәтті шықты деп ойлаймын.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14