Шымкентте 40 жастағы тұрғыннан Қырым қанды безгегі анықталды
Шымкентте 40 жастағы тұрғыннан Қырым қанды безгегі анықталды. Қожалықта мал бағып жүргенде кене шаққан азаматтың дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген. Ауруын әбден асқындырып барып ауруханаға жеткізілген. Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, науқаспен қарым-қатынаста болған 21 адам оқшауланған. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты дейді мамандар. Айта кетейік, жыл басынан бері шаһарда 600-ден астам тұрғынды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.
Азамат Тасболтаев, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-инфекционист мамандарымен Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасы расталған жағдай ауыр дәрежелі диагнозы қойылған. Қарым-қатынаста болған барлық отбасы мүшелері, қаралған медициналық мекемедегі қызметкерлер барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады
29.09.2026, 13:53
Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді
29.09.2026, 13:49
Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған
29.09.2026, 13:43
Қызылордада қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайған
29.09.2026, 13:41
Жаңа емхананы тұрғындар асыға күтіп жүр
29.09.2026, 13:36
Құрылыс материалдарының 95 пайызы отандық өнім
29.09.2026, 13:32
Көкшетаудағы көпбейінді аурухана құрылысы дронмен бақыланады
29.09.2026, 13:24
Құрылыс кезінде экологиялық қауіпсіздік қатаң бақыланады
29.09.2026, 13:17