Алматы облысында селден зардап шеккен Ешкіөлмес және Абай ауылдарында апаттың салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Екі күннен бері 6 мың текше метрдей су сорылып, 60 тоннаға жуық балшық шығарылды. Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен қатар Ұлттық ұланның сарбаздары да жұмылдырылған.
Еске салайын, 12 тамыз күні Ескелді ауданында нөсер жауын салдарынан Қусақ өзені арнасынан асып, көшелерді бойлай аққан. Табиғи апат салдарынан 120 үйдің ауласын лай басып қалды. 20 баспананың ішіне су кірген. 30 шақты тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 19 адам Қарабұлақ ауылындағы мектепке орналастырылды. Оның 9-ы бала. Тұрғындармен кездескен облыс әкімі жапа шеккендерге тиісті көмек көрсетілетінін айтты.
Қуан Нұрақын