«Таңшолпанда» - «Көңілді көбіктер» шоуы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Көңілді көбіктер» шоуы

03.07.2015
«Таңшолпанда» - «Көңілді көбіктер» шоуы

Астанада 1-8 шілде аралығында «Азия жаңғырығы» атты халықаралық цирк өнері фестивалі өтуде. Осыған орай цирк әртістері  Айсұлу  Әбдікерім және Ақтоты Тимурқызы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Қазір циркте «Көңілді көбіктер» және  үйретілген көгершіндермен түрлі нөмір жасап жүрміз. Көбіне, шетелде іс-сапарда боламыз.  Көбіктер шоуы бір қарағанда, оңай көрінгенімен , өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Құпиясы да бар. Әр нөмірді дайындау үшін біраз уақыт кетеді»,-дейді  Айсұлу  Әбдікерім.

«Көбіктермен жұмыс істеу алғашқыда қиын болды. Себебі, көп қозғалыс жасай алмайсың. Жұмысты ақырын істеу керек. Сосын көбік ауа райына, бөлме температурасына да байланысты. Ылғалды жерде  жақсы шықпайды»,-дейді Ақтоты Тимурқызы.

Цирк әртістерінің сабын көпіршігі шоуын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу