Мемлекет басшысы Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады. Оның ұйым төрағасы ретінде Қазақстанға келуі маңызды екенін атап өтті. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына тоқталды. «Еліңізді, Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз, және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Өз кезегінде Буяр Османи ұйымның Орталық Азиямен өзара байланысты дамытуға айрықша мән беретіні атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің бұл сапарыңыз өте маңызды деп ойлаймын. Мен еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Пікірлер қайшылығына қарамастан, бұл – баламасы жоқ ұйым. Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек.
Буяр Османи, ЕҚЫҰ төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының сыртқы істер министрі:
Солтүстік Македонияның ұйымға төраға ретіндегі ұраны – «Барлығы адамдар үшін». Бұл біздің ұстанымымызды білдіреді. Сіздің реформаларыңыз да адамдарға арналған әрі ол ұйымның қағидаттары және міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне оқ атты
08.05.2026, 20:12
Соңғы 3 жылда елді мекен ерекше көркейді
08.05.2026, 20:11
Сириядан оралған үш әйел қамауға алынды
08.05.2026, 20:11