Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» іске асып жатыр
Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6,5 млрд теңгеге 1 486 жобаны қаржыландыруға өтінім берді. Жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов жобаның іске асырылу барысымен танысты. Бүгінде 4 млрд теңгеге 930 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 1 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. 48 жылыжай салынып, 146 га алқапқа картоп пен басқа да көкөніс егілді. Сондай-ақ ауылдарда 389 жаңа шағын бизнес нысаны ашылды
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру тәжірибесі барлық өңірге кеңінен таралуы тиіс. Биыл оған 100 млрд теңге бөлінді, соның есебінен ауылда көптеген кәсіпкерлік бастаманы қолдау жоспарланып отыр. Келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлеміз. Жобаның арқасында ауылдық елдімекендерде өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсармақ. Ақтөбе облысы – жобаны іске асыру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Осы қарқынмен бұл жұмысты жалғастыру қажет.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10