Заңсыз құрылысқа тап болсаңыз не істеу керек? Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше Қазақстанда 44 нысанның үлестік қатысу келісім-шарты дұрыс емес. Тіпті, ешқандай құжатсыз тұрғын үй салып бастап кеткендер де бар.
Биыл көктемде Астанадағы сондай көпқабатты үйлердің бірі сүріледі деп дау туындаған. Бірақ заңгерлер мұндай жағдайда үйді бұзып тастау оң шешім емес дейді. Бұл қадам азаматтарды не баспанасыз, не ақшасыз қалдырады. Сот құрылыс компаниясын кінәлі деп тапқан күннің өзінде үлескер салған қаражатын қайтарып алуы екіталай. Мердігер оны үй құрылысына салып жібереді. Көбіне сот шешімінің орындалуы бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін. Сондықтан заңнамаға өзгеріс енгізуді қарастырған жөн деген пікірін жеткізді.
Жандос Тұяқов, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты:
Құрылыс нормаларына сәйкес келе ме? Бірінші мәселе. Екінші мәселе халықтың немесе жанындағы басқа обьектілерге немесе азаматтардың офистердің құқықтарына нұқсан келтірмей ме, осы мәселелерді анықтап барып мемлекет, менің ойымша, қарапайым халықты зарлатпау мақсатында оны заңдастыру мәселесін ойластыру керек.
Елдос Есенбол