Ыстамбұлдағы «Қазақстан мәдениет және сауда орталығында» қазақтың көне ұлттық бұйымдарының көрмесі өтті. Көпшіліктің назарына 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Алтайдағы қазақтар тұтынған киім-кешектер мен тұрмыстық заттар ұсынылды. Жәдігерлердің көбі 70 жыл бұрын Анадолы жеріне қоныс аударған қазақтардың ата-бабаларынан қалған бұйымдар. Сондай-ақ көрмеде Түркиядағы белгілі адамдар қолданған заттар да бар. Мәселен, атақты ғалым Халифа Алтайдың Құран Кәрімді қазақ тілінде аударған кезінде пайдаланған жазу машинкасы қойылған. Ескі заттарды жинақтап, «Атадан қалған асыл мирас» көрмесін өткізуге ұйытқы болған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі, журналист Ержан Уәйіс.
Ержан Уәйіс, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының түркиядағы өкілі:
Ыстамбұлдағы қазақ мәдени орталығында осы көрмені аштық. Оған 100-дей адам қатысты. Тек қазақ диаспора өкілдері емес, Түркиядағы қырғыз, өзбек, түркімен өкілдері келіп тамашалады. Қазақ деген қандай бай хадықсыңдар, қандай өнерлі халықсыңдар деп. Мына жәдігерлердің алды осыдан 200 жыл бұрын жасалған дүниелер. Осыны ата бабаларымыз бүгінгі күнге дейін көзінің қарашығындай сақтап келді.
Айдос Әшімұлы