Елде шетелдік автокөліктерді заңдастыру әлі жалғасып жатыр
Елге 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру әлі жалғасып жатыр. Себебі өтінімді уақтылы берген және белгіленген мерзімде көліктерін заңдастырып үлгермеген азаматтарға мүмкіндік беріліп отыр. Қазір барлығы 218 мыңнан астам автокөлік заңдастырылған. Сондай-ақ қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген көліктер бойынша да мәселе шешіліп, 16 мыңнан астамы тіркелді. Талап өзгерген жоқ. Қылмыстық іздеуде болмаған, кедендік тазартудан өткен және ең бастысы 2022 жылғы 1-қыркүйекке дейін елге әкелінген болуы тиіс. Бірақ жалған құжат дайындап, көлігін тіркемек болған пысықайлар да кездескен.
Алтынбек Жамалиев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:
Заңды айналып өтпек болған азаматтардың көлік құралдары, біздің көлік 1-қыркүйекке дейін өтті деп жалған құжатпен тіркелген фактілер бар олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, құзыретті органдар ары қарай тергеп зерттеп жатыр.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22