Астанаға келген шетелдік туристер әр күн үшін 1725 теңге төлеуге міндеттеледі
Астанаға келген шетелдік туристер әр күн үшін 1725 теңге төлеуге міндеттеледі. Жалпы шетелдік қонақтардан алынатын мұндай төлем биылдан бастап енгізілген. Алайда кәсіпкерлер оның төлеу механизмі жолға қойылмаған деп шағымданып отыр. Ал бұл, әрине, қонақ үй жұмысын қиындатқан. Сондай-ақ туризмді дамыту орталығы жарнаның мөлшерін қалаға келген туристердің санына қарай белгілеуді ұсынды. Әрі оны әр әкімдік өзі белгілейтіндіктен, жиналған қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы ашық ақпарат беруді сұрады. Еске салайық, жыл басынан бері бюджетке 314 млн теңгеге жуық туристік жарна түскен. Жиналған қаражаттың 86 пайызы Алматы қаласына тиесілі.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12