Қытайдың Ченду қаласында XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Ченду қаласында XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті

09.08.2023

Қытайдың Ченду қаласында XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті. Дүбірлі додаға 100-ден аса елден 7 мыңға жуық атлет қатысты. Олар 18 спорт түрінен бақтарын сынады. Аспан асты еліндегі жарысқа Қазақстаннан 93 спортшы-студент қатысып, 2 алтын, 7 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте еліміз 20 жүлдемен 20-орынға тұрақтады. Медальдар кестесінде 1-орынға 178 медальмен Қытай спортшылары ие болды. Екінші орында – Жапония. Оларда 93 медаль. Үздік үштікті Оңтүстік Корея құрамасы қорытындылады. Спортшылардың қоржынында – 58 медаль.

Енді XXXIІ Жазғы универсиада 2025 жылы Германияның Рейн-Рур аймағында өтеді. Жарыстың салтанатты жабылуында Рейн қаласының мэріне Халықаралық университет спорты федерациясының туы табыс етілді.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу