Қарағандыдағы «Шахтинск» кенішінде жұмысшы жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы «Шахтинск» кенішінде жұмысшы жарақат алды

07.08.2023

Қарағандыдағы «Шахтинск» кенішінде жұмысшы жарақат алды. Анкерлі бекітпені бұрғылау кезінде оны көмір үйіндісі басып қалған. Сол жерде кеншілер алғашқы жәрдем көрсетіп, кейін жоғарыға алып шыққан. Қазір Мақажанов атындағы облыстық ауруханада жатыр. «Тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. 


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу