Жамбыл облысындағы тауларда құрғақ шөп өрті ауыздықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы тауларда құрғақ шөп өрті ауыздықталды

04.08.2023

Жамбыл облысы Меркі тауларындағы дала өрті оқшауланды. Бұл жайында төтенше жағдайлар министрлігі хабар таратты. Бұғанға дейін хабарлағанымыздай, қызыл жалын 300 гектар жерді шарпыған. Оны сөндіруге 300 жуық адам жұмылдырылды. 35 техника, 2 ұшақ пен 1 тікұшақ жөнелтілген. Әуеден 13 рет 20 тонна шамасында су шашылды.

Торғын Оспанбаева

Хабарламаларға жазылу