Шудағы қарасора алқабының көлемі анықталды
Жамбыл облысы, Шу ауданындағы қарасора алқабының нақты ауқымы белгілі болды. Бұған дейін көлемі болжамды түрде айтылып келген болатын.
Алқаптың алып жатқан жері 684 гектарды құрайды. Мұны аудандық прокуратура анықтап отыр. Сондай-ақ құзырлы орган тарапы шаруаларға қожалық айналасында өскен қарасораны жоюға мүмкіндік беріп отыр. Енді олар өз бетінше өртеп, жойып жібере алады. Ал ауданда есірткіні көлеңкелі кәсіп түріне айналдырып алған азаматтар жиі кездеседі. Мәселен, былтыр есірткінің заңсыз айналымына қатысты 45 қылмыс жасалса, биыл 41 дерекке кеміген. Прокурорлар жүйелі жұмыс нәтижесінде аудандағы құқықбұзушылық деректері азайып жатқанын айтады.
Қуаныш Малдыбаев, Шу ауданы прокуратурасының прокуроры:
Шаруа қожалықтардың өздерінің күштерімен қарасора алқабының 1 га жері жойылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 24%-ға төмендеді. Жол-көлік оқиғалары нәтижесі мен зардап шеккендердің саны 83%-ға, қаза тапқандардың саны 73%-ға төмендеді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17