Таразда 14 жылдан бері жарыққа жарымай келе жатқан тұрғындар бар. Айтуларынша, 70 үйге қала әкімдігі трансформатор қоюға құлықсыз. Олар жарықты бір үйден бір үйге жалғап келеді. Сондықтан қуаты әлсіз. Ал жел тұрып, жауын-шашын бола қалса тұрмыстық техникалары күйіп кететінін жеткізді. Электр бағаналарын қураған қада ағаштардан жасап алған. Тоқ сымдары кісі бойынан ары аспайды. Оны балалар волейбол торының орнына қолданып, доп ойнап жүр. Бұқара жыл сайын ауысып кететін әкімдердің әрекетсіздігін сынға алды.
Әмірлан Қонысов, қала тұрғыны:
Көріп тұрсыздар ғой, міне. Құрыққа ілініп тұр ғой. Столба жоқ. Әншейін шыбыққа іліп қойған. Анау қоршауменен ілген.
Жергілікті билік өкілдері мәселеден құлағдар. Келісі жылы шешеміз деп уәде етті. Әзірге жобалық-құжаттамсын жасап жатқан көрінеді. Бірақ 70 үйді жарықпен қамтуға қанша қаржы кететіні әлі белгісіз.
Нұрбол Қалдыбаев, қала әкімінің орынбасары:
Салбыраған сымдар бойынша ЖКХ бөліміне тапсырма бердім. Мамандар шығып зерделеп, мүмкіндік болса, қазір бәрін тартып шығады.
Данияр Әлімқұл