Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ

03.08.2023

Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ. Қазақстан Ауғанстанға экспорттайтын тауар түрлерін көбейтеді. Бұл туралы елордада өтіп жатқан екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумында айтылды. Қазақстан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды дамытуға мүдделі. Қазақ-ауған арасындағы тауар айналымы өткен жылы 1 млрд долларға жуықтады. Оның 90 пайызы отандық экспортқа тиесілі.

Енді Қазақстан Түркіменстан аумағы арқылы ұн экспортын ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл ретте Өзбекстан темір жол тасымалына жеңілдіктер береді. Арнайы келісім жасалды. Айта кетейік, бизнес-форумға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 200-ден астам делегат келді. Іс-шара аясында сусындар, шәй, тәттілер, кілем, тұрмыстық заттар секілді ауған тауарларының көрмесі ұйымдастырылды. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу