ЮНЕСКО сарапшылары: Венеция су астына кетуі мүмкін
«Венеция су астына кетуі мүмкін». ЮНЕСКО сарапшылары қаланы жойылып кету қаупі төніп тұрған мекендердің әлемдік мұра тізіміне қосуды ұсынуда. «Су тасқыны, топырақтың шөгуі мен туристердің көптігі тарихи шаһардың жермен-жексен болуына әкеп соғуы мүмкін», - дейді сарапшылар. Венецияны жылына 25 миллионнан астам турист тамашалайды.
Екі жыл бұрын ЮНЕСКО-ның талабына сәйкес, қала каналдарында ірі круиздік кемелердің жүруіне тиым салынған. Қала билігі мен Италия үкіметін әлемдік мұраны сақтап қалуға құлықсыз деп айыптаған ЮНЕСКО сарапшылары қыркүйекте өзекті мәселені арнайы басқосуда талқылап, нақты шешім қабылдамақ.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30