Ақкенттегі өрт: Бірінші болып сол маңдағы құрылысшылар көмекке келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақкенттегі өрт: Бірінші болып сол маңдағы құрылысшылар көмекке келген

02.08.2023

Ақкенттегі өрт кезінде көмекке бірінші болып сол маңда жұмыс істеп жатқан құрылысшылар жеткен. Өтіп бара жатқан бірнеше азамат қою қара түтінді көрген соң көліктерін тастап көмекке ұмтылған. Құрылысшылардың краны арқылы жоғарыға көтеріліп терезеде отырған тұрғындарды құтқаруға атсалысқан. Қала әкімі Ерболат Досаев қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты. Шаһар басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуі үшін барлық қажетті медициналық жәрдем берілетінін жеткізді.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу