Тараздық оқушылар зағиптарға арналған дыбысты пернетақта ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық оқушылар зағиптарға арналған дыбысты пернетақта ойлап тапты

01.08.2023

Тараздық өнертапқыш оқушылар елімізде алғаш рет брайль жүйесімен жұмыс істейтін пернетақталы принтер ойлап тапты. Құрылғыға «Қазақ Braille» деген атау берген.

Жанарынан айырылған жандарға арналған арнайы аппарат қазақ тілінде жұмыс істейді. Бүгінде жазғы демалыста жүрген оқушылар «құрылғыны жасауға 1 жыл уақыт кетті», - дейді. Олар әлеуметтік маңызы зор жобаның бірнеше артықшылығына тоқталды. Әуелі көзі көрмейтіндер бедерлі пернетақтаны басу арқылы брайль қаріпін үйренеді. Одан соң дыбысталған әріпті ести алады. Ал артынша принтер арқылы жазбаны қағазға түсіреді. Айта кетейік, Брайль принтерлері нарықта 4-5 миллион теңге тұрады. Ал әулиеаталық оқушылар қазақша пернетақтаға бар болғаны 17 мың теңге жұмсаған.

Айкөркем Егеубай, жас ғалым:

Алға қойған ең басты мақсатымыз, ол қазақ әліпбиін дамыту. Себебі бұндай принтерлар қазір нарықта жоқ десек те болады. Кішкентай балаларға мысалы, олардың құлақ есту қабілеттерін дамыту үшін осы дыбыс көмектеседі.

Ербол Бегімов, Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының маманы:

Балалардың істеген жобасы қазақ тілді әріптің бәрі дыбысталып анық естіледі. Үлкен-үлкен рақмет балаларға.


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу