Таиландта отшашу сақтайтын қоймадағы жарылыстан 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта отшашу сақтайтын қоймадағы жарылыстан 12 адам қаза тапты

31.07.2023

Таиландтың оңтүстігінде фейерверк сақтайтын заңсыз қоймада жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астамы жараланған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Малайзиямен шекаралас Наративат провинциясының Сунгай Колок ауданында болған. Жарылыстан зардап шеккендердің көбі ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар дүмпуден 200-ден астам үй зақымданған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу