Орман шаруашылығы саласында 3 мыңға тарта маман тапшы
Еліміздің экология, метеорология және орман шаруашылығы салаларында 3 мыңға тарта маман тапшы. Бұл мәліметті Екібастұз қаласында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты. Кадр тұрақтамаудың басты себебі, еңбекақы төмен. Мәселен, Қазгидромет кәсіпорыны қызметкерлері 70 мың теңге жалақы алып келген. Жақында министрлікке қарасты құрылымдарда қызмет атқарып жүрген 13 мыңға жуық қызметкердің еңбекақысы көтерілді,-деді министр. Бірақ орман шаруашылықтарындағы маусымдық жұмыстарға тартылатын 4 мың адам ең төменгі жалақымен қалып отыр.
Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Мамандарды жұмысқа қабылдау өте қиын. Ал, оларды ұстап тұру одан бетер ауыр. Еңбекақысы жоғары қызмет табысымен бірден кетіп қалады. Бүгінгі күні біздің министрліктің құрылымдарына 3 мыңға тарта қызметкерлер қажет. Министр тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Көп сұрақтар өндіріс ошақтарындағы қалдықтарды өндеу және аптап ыстық салдарынан болған өңірдегі қуаңшылыққа қатысты қойылды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13