Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы Семей көркейіп келеді. Қазір қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Шаһардағы тұрғын үйлдердің қас беттері боялып, балалар ойын алаңдар ретке келтірілуде. Сондай-ақ халық демалатын бірнеше қоғамдық демалыс орындары қолданысқа берілді.
Аспалы көпір астындағы мына алаңқай бұрын қараусыз жатқан. Жақында жөнге келтіріліп, қоғамдық демалыс орнына айналды. Өткел асты муралдармен безендірілді. Стрит воркаут, балалар ойын алаңдары мен фитнес аймағы бар.
Демалыс орнында өзен жағасында отырған қызбен жігіт бейнеленген «Ғашықтар» ескерткіші ашылды. Авторы елімізге танымал мүсінші- Нұрбол Қалиев. Ескерткіш лентасын ырымдап отбасы құрып жатқан жас жұбайлар қиды.
Маржан Бахатова, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
Қаламызда жастарға арналған, жалпы қала халқына арналған осындай мәдени спорттық демалыс орындарының ашылып жатқаны әрине қуантарлық жағдай.Алдағы уақытта да үлкен жоспарлар бар екенін біз барлығымыз білеміз. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл тамаша спорттық алаңының безендірілуі де ерекше. Қаламызға ерекше бір көрік беріп тұр.
Семейде 600-ге жуық ауланың 90 пайызы тозған. Қазір олар да біртіндеп жөнделіп жатыр. Жаз аяқталғанша 70 аула жаңаланбақ. Оған қоса қараусыз қалған жер асты өткелдері де жөндеуден өтті. Бұрын қараңғы түнек болып қирап қалғандары жарықтандырылып, көз тартарлық кейіпке енген.
Ержан Жақып