Жалын шарпыған жерлердің ғарыштан түсірілген суреттері тағы да талданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалын шарпыған жерлердің ғарыштан түсірілген суреттері тағы да талданады

26.07.2023

Жыл басынан бері рұқсатсыз ағаш кесудің 11 фактісі тіркелген. Заң бұзушылық ғарыштан бақылау кезінде анықталды. Былтыр 150 рет орман оталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді. Ал Абай облысындағы орман өртінен бұрын сол аумақта ағаштарды заңсыз кесу фактілері туралы ақпарат жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, жалын шарпыған жерлердің ғарыштан түсірілген суреттері тағы да талданады. Ал «Қазақстан Ғарыш Сапары» өкілдерінің мәліметінше, бүгінгі таңда өрттің себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған.

Өскен Тойшыбеков, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары:

Біздің мамандар сол комиссияның құрамына енді. Өрттің шығу себептерін тергеу жұмыстары жүгізілуде. Біз барлық ықтимал себептерді, соның ішінде ағаш кесу мәселесін де зерттейміз. Сол аумақ бойынша барлық ақпарат бар. Егер өрттен бұрын заңсыз ағаш кесілген болса, оны оңай анықтауға болады. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша экология министрлігі тиісті қорытынды жариялайды.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу