Алматы облысында Халықаралық туризм және медиа форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Халықаралық туризм және медиа форум өтті

24.07.2023

Әлемдік туризм пандемиядан кейін қарқынды дамып, былтырғы кіріс 1 трлн долларға жетті. Бұл туралы Алматы облысында өткен Халықаралық туризм және медиа форумында айтылды. 15 мемлекеттен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200-дей журналист туризм, медиа және PR тақырыбында пікір алмасты.

Шара өтіп отырған Алматы облысында туризм саласын дамытамын деген кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер бар. Мысалы, туристік нысандар салса, шығынның 10%-ын жол бойындағы сервистік қызмет үшін, 10%-ын туристік автобустар сатып алса, 25%-ын қайтарып алу механизмі қарастырылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі туризмді дамытуда бұқаралық ақпарат құралдарының насихаты маңызды екенін айтты.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Өздеріңізге белгілі, ел арасында «Тарих Шумерден басталады» деген сөз бар. Ал біздің тарихымыз Іле өзенінен басталады. Тіпті, көне түрік күнтізбелік мүшел жыл санауы Іле өзенімен байланысты.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу