Жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

20.07.2023

Жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды. Ол бұл қызметке 2020 жылы ақпанда тағайындалған. 49 жастағы лауазымды тұлға мегаполис әкімдігіне қарасты құрылыс, энергетика, спорт салаларына жетекшілік етіп келді. Жемқорлық фактісі бойынша қазір ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізуде. Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Исахов кеден саласында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, қаржы министрілігінде жұмыс істеген. Ал Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу