Канаданы жүздеген орман өрті шарпыды
Канаданы да, жүздеген орман өрті шарпыды. Ел аумағында 10 млн гектардай алқап күлге айналған. Альберта мен Квебек провинцияларының өзінде 200 орман өртеніп жатыр. Өңірде соңғы күндері жаңбыр жауды. Алайда, оның жалынды сөндіруге еш әсері болған жоқ. Британиялық Колумбия провинциясында жағдай тым күрделі. Жыл басынан бері 1 млн гектардан аса орман алқабын өрт шалған. Мұнда тілсіз жаумен 2 мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Олардың арасында АҚШ, Мексика, Австралия мен Франциядан барған құтқарушылар бар. Өрттен шыққан түтін елді-мекендердегі ауа сапасын айтарлықтай нашарлатып жіберген.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05