Шымкентте жұмысшылар еңбекақысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жұмысшылар еңбекақысын ала алмай жүр

18.07.2023

Шымкентте мыңға тарта жұмысшы жыл басынан бері жалақы ала алмай келген. 42 кәсіпорынның берешегі 454 миллион теңгеден асады. Олар негізінен құрылыс пен сауда-саттық саласында жұмыс істейтін мекемелер. Бұл жәйт жұмысшылардың арыз-шағымы негізінде жүргізілген тексеріс барысында анықталды. Жұмысшылардың бір бөлігі жалақысына қол жеткізді. Алайда тағы екі кәсіпорыннан жалақы қарызын өндіру мүмкін болмай отыр. 72 жұмысшы 8 миллионнан теңгеден асатын алашағын әлі даулап жүр.

Бауыржан Қалжанов, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

Бұлардың өтелмеген себебі бұл кәсіпорындар қазір жұмыс істемейді. Заңда бекітілген механизмдері бар. Егер жұмысы тоқтап қалған болса табыс көзі жоқ. Сондықтан компанияның мүлкінен өндіру сот пен сот орындаушылары арқылы жүзеге асады.

Кәсіпорындар мен мекемелердің қауіпсіздік талаптары мен жұмысшылар құқығын қорғауға немқұрайлы қарайтыны да жұртты алаңдатып отыр. Соның салдарынан жыл басынан бері 13 жазатайым жағдай орын алған. 4 адам көз жұмып, 15 жұмыскер жарақат алды.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу