Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

17.07.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды. Үкімет басшысы тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында 30-ға жуық елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жекеменшік энергетикалық компанияның жұмысы қаралды. Кәсіпорын меншігіндегі электр желілерінің әбден тозығы жеткен. Жалпы тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылмаған. Әлихан Смайылов кәсіпорынға қатысты жиналған материалдарды талдау және қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға беруді тапсырды.


Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу