Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады

14.07.2023

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген жерлесіміз жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған сербиялық Ольга Даниловичпен кездесті. Бірінші партияда 6:4 есебімен Сербия өкілі басым түсті. Екіншісінде Юлия 6:0 етіп есе қайтарды. Алайда, шешуші сетте қазақстандық спортшының қарсыласы өзінің мықты екенін дәлелдеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу