Астанада коммуналдық қызмет бағасы 20 пайызға дейін өсті
Астанада коммуналдық қызмет бағасы осы айдан бастап 20 пайызға дейін өсті. Атап айтқанда, судың тарифі 10 теңгеге қымбаттаған. Яғни, 1 текше метр суық су 48 теңгеден 58 теңгеге дейін, ал су бұру тарифі 7 теңге 50 тиынға өсті. Жалпы «Астана су арнасы» бағаны 21 теңгеге, яғни 37 пайызға өсіру туралы өтінім берген. Ал электр қуаты 2 жарым теңгеге қымбаттады. 1 киловат қуат көзі 20 теңгеден 23 теңгеге өсті. Ал қаланы жарықпен қамтып отырған екі кәсіпорын тарифті 7 теңгеге қымбаттату туралы өтінім берген еді. Жылу тарифі де 20 пайызға көтерілді. Бұған дейін бір шаршы метр үшін 1837 теңге болса, енді 2261 теңге төлеу қажет.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12