Президент 5 жасар қыздың өліміне қатысты оқиғаны мұқият тексеруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент 5 жасар қыздың өліміне қатысты оқиғаны мұқият тексеруді тапсырды

14.07.2023

Президент Түркістан облысындағы 5 жасар қыз баланың өліміне байланысты Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп есептейді.

Осы іс бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалды. Пробация қызметкерлеріне қатысты да немқұрайлық танытты деп тергеу басталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеп отыр. Күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылды. Құзырлы мекеме президент тапсырмасы бойынша ауыр қылмыстар бойынша жазаны күшейтуге бағытталған заң жобасын әзірлеу жұмысы басталғанын хабарлады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу