Ақтөбеде ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті

14.07.2023

Ауыл әйелдері бизнеске ден қоя бастады. Соңғы 10 жыл шамасында елімізде 60 мыңнан аса қыз-келіншектер арнайы курстардан өткен. Бүгін Ақтөбеде ұйымдастырылған форумда кәсіпкерлік саласын дамыту, мемлекеттен берілетін қолдау шаралары сөз болды.

Форумға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген әйелдер қатысып жатыр. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласындағы жаңашылдықтар жөнінде пікір алмасты. Мәселен, биыл Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асуда. Ауыл тұрғындары, оның ішінде әйелдер 2,5 пайызбен несие алып, үйінде отырып-ақ пайда табуға болады. Қазірдің өзінде ондаған тұрғын бағдарламаның игілігін көріп отыр.

Гүлжанат Амангелдиева, Шалқар ауданының тұрғыны:

Несие алған болатынмын 5 млн 500. Ол несиені мен өзімнің кондитер өнімімді шығару үшін пайдаланып отырмын. Осы кондитер өнімімен айналысқаныма 5 жыл болды. Сол кондитер өнімін әрі қарай дамытып, ауылымның мың жарымға жуық халқын қамтамасыз етіп отырмын. Қазіргі таңда қол астымда 4 жұмысшы қыз бар.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу