Қостанай облысында соңғы 49 жылда болмаған ауа температурасы тіркелді
Қостанай облысында соңғы 49 жылда болмаған ауа температурасы тіркелді. 1974-ші жылы 11- шілдеде термометр 40 градус ыстықты көрсеткен. Ал, екі күн бұрын сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтерілді. Иә, еліміздің басым бөлігінде бірнеше күннен бері аптап ыстық. Әсіресе оңтүстікте күн шыжып тұр. Дәл қазір өңірдегі тілшілеріміз тікелей байланысқа шықты.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Шіліңгір шілденің ыстығы басталғалы ападан асты. Казгидромет мамандарының мәліметінше бүгін көлеңкенің өзінде 42 градус. Ал топырақ қабаты 65 градусқа дейін ысып кеткен. Ертең батыстан келген антициклонның беті қайтады деген болжам бар. Соның өзінде ауа температурасы 36-39 градус шамасында сақталмақ. Далалық жерлерде өрт қауіп күшті. Аптап ыстықта жедел-жәрдем қызметінің де жұмысы қиындады. Тәулігіне 1700-ге дейін шақыртулар түсуде. Қан қысымы жоғарлап, жүрек ауырғандар көп. Дәрігерлер күндіз үйден шықпауға кеңес береді. Шаруаларға да оңай соқпай тұр. Қармақшы, Қазалы аудандарында су тапшы, диқандар егістікті кезекпен суаруға мәжбүр. Айдың аяғына дейін осындай ыстық сақталады дейді мамандар. Еліміздің солтүстігінде де күн қайнап тұр.
Эльмира Кәленова, тілші:
Өңірде 10 күннен бері аптап ыстық. Бүгін ауа температурасы 34 градусқа дейін көтерілді. Ыстыққа шыдамай денсаулығы сыр беріп жатқандар өте көп. Қан қысымы көтеріліп, жедел-жәрдем қызметін шақыртқандар саны бірден 25 пайызға артқан. Күн өткен 50-ге тарта адам дәрігерге жүгінген. Мамандардың айтуынша 35-40 градус ыстық теріскей климаты үшін стихиялық құбылыс саналады. Өйткені біздің өңірде шілде айындағы орташа көрсеткіш 18-23 градус аралығында. Ал топырақтың температурасы 55-60 градусқа дейін жетіп отыр. Мұндай ыстықтың салдарынан жер құрғап, дәнді-дақылдар күйіп кетуі әбден мүмкін. Дегенмен синоптиктер ертең облыс аумағының басым бөлігінде нөсер жаңбыр болатынын айтып қуантты. Мұндай ыстық ауа райы соңғы рет 1940 жылы тіркелген екен.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09