Жетісу облысында Балқаш көліне барар жолдың жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында Балқаш көліне барар жолдың жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты

13.07.2023

Жетісу облысында Балқаш көліне барар жолдың жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Одан бері құрылыс материалды екі есе қымбаттады. Жобаға түзетулер қажет. Сондай-ақ аймақты көгілдір отынмен қамтудың ауқымды жобасын жалғастыру үшін де қомақты қаржы керек. Осы мәселелерді өңірге келген депутаттар талқылады. Тағы бір өзекті мәселе - Алакөл жағалауындағы екі ауылда демалыс орындарының көбейуіне байланысты электр қуатының тапшылығы сезілуде. Республикалық бюджетті нақтылау барысында өңірдің сұрау салған қаржысын толық көлемде бөлуіне өңір басшысы өтініш жасады. Халық қалаулылары кездесуде көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, алдағы сессияларда бірқатар заңнамаларға түзетулер енгізетінін айтты.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Игерілмей қалды деген қаражатты қазір қайтып алатын деректер өте көп. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу туралы заңға және бюджеттік кодекске бірқатар өзгертулер мен тоықтырулар енгізу қажеттілігі білініп отыр. Қай аймаққа, қай өңірге барсақ та мұндай мәселе алдымыздан шығады. Сондықтан да біз осы күздегі сессияда осы мәселелерді тұрақты түрде назарымызға алып, жалпы республика бойынша шешілуін қадағалайтын боламыз.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу