Ақтөбеде 70 мұғалім заңсыз үстемеақы алып келген
Ақтөбеде 70 мұғалім жасанды құжат арқылы 2-3 жылдан бері жалақысына заңсыз үстемеақы алып келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды. Тағы 53 мұғалімге арнайы тестілеуден өте алмаса да өтті деген жалған анықтама берілген. Заңсыз әрекетке барған педагогтар мемлекетке 100 миллион теңгеден аса қаржыны қайтаруы тиіс. Оларға жасанды құжат берген мекемелер де тексеріледі.
Гүлнара Сәрсенғалиева, облыстық Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:
Қағаз түрінде алып келген сертификаттары мен базадағы балл екеуі сәйкес келмейтіні анықталып отыр. Олардың айырмашылығы тіпті оннан 35 баллға дейін барып отыр. Олар заңбұзушылыққа барып отыр ғой, бұл ретте олардың санаты педагогқа дейін түседі және бес жылға дейін аттестаттаудан өте алмайды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26