Жамбыл облысында найзағайдан бір үйір жылқы қырылып қалды
Жамбыл облысында 27 бас жылқы найзағайдан қырылып қалды. Оқыс оқиға Рысқұлов ауданында болған. Жылқылардың жай отынан жаппай сұлауына бір жерде тұрып қалуы себеп болған сыңайлы. Олар нөсер кезінде сай ішіне ықтап кеткен. Ал малынан айырылғандар шығынын кімнен өндірерін білмей дал.
Аудан әкімдігі төтенше жағдай жарияланған жағдайда немесе жаппай ауру тараған кезде ғана өтемақы төленетінін айтады. Әзірге әкімдік тау ішінде жатқан жылқыларды залалсыздандырумен айналысып жатыр.
Нұрболат Мырзақұлов, Тереңөзек ауылының тұрғыны:
Үйді залогқа қойып,несиеге мал алған ем. Ойда-жоқта осындай оқиғи болды. 5 миллион теңгеге шығынға ұшырап отырмын.
Әлібек Терлікбаев, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:
Комиссия құрылған. Комиссия құрамына құзырлы органдар мен заңгер мамандар енгізіліп отыр. Қазір зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17